«AYQIN» газетінің сайтында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Шайхоллаұлы Нұғмановтың «Қазақстанның стратегиялық қадамы нық» атты мақаласы жарық көрді
Аталған мақалада 2025 жыл Қазақстанның мемлекеттік дамуындағы сапалық жаңа белес және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың стратегиялық менеджменті мен дипломатиялық шеберлігінің жемісті кезеңі ретінде қарастырылған. Сенатор мемлекеттік аппараттағы формализмнің жойылуы, экономиканың шикізатқа тәуелділіктен арылып, әртараптандыру жолына түсуі және халықаралық аренадағы теңгерімді көпвекторлы саясаттың табысты іске асуын талдайды. Тұтастай алғанда, 2025 жылғы жетістіктер «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатының нақты институционалдық нәтижесі деп түйінделеді.