Серік
Балғатайұлы
Қарағанды облысынан сайланған.
1963 жылы 20 қазанда Қарағанды облысында туылған. Білімі жоғары. 1986 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, Экономист.
Еңбек жолын 1986 жылы Жезқазған қаласында облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінде экономист болып бастаған.
- 1989-1991 ж.ж.- Жезқазған қаласы облыстық қаржы бөлімінде 1-ші дәрежелі экономист;
- 1991-1993 ж.ж.- Облыстық қаржы бөлімінің бас маманы;
- 1993 ж. ақпан - қараша айлары аралығында Жезқазған қаласы облыстық қаржы басқармасы жоспарлау бөлімінің басшысы;
- 1993-1995 ж.ж. - Облыстық қаржы басқармасы бағалы қағаздар және қаржы нарығы бөлімінің басшысы;
- 1995 ж. мамыр - желтоқсан айлар аралығында - Жезқазған қаласы облыстық қаржы басқарма бастығының бірінші орынбасары;
- 1995-1996 ж.ж. - облыстық ВЭС комитетінің төрағасы;
- 1996 жылы тамыз-қазан айлары аралығында – Жезқазған қаласы, облыстық өнеркәсіп департаментінің басшысы;
- 1996-1997 ж.ж. – Жезқазған облысы әкімінің орынбасары;
- 1997 ж. шілде – қыркүйек айлары – Қарағанды облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары;
- 1997-1999 ж.ж. – Қарағанды облысы Қаржы басқармасының басшысы;
- 1999-2000 ж.ж. – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары – қаржы бөлімінің басшысы;
- 2000-2004 ж.ж. - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- 2004-2006 ж.ж. – ҚР Президент әкімшілігі мемлекеттік инспектор;
- 2006-2009 ж.ж. – Қарағанды облысы Қаржы департаментінің директоры;
- 2010-2011 ж.ж. - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- 2011-2017 ж.ж. – Қарағанды облысы ревизиялық комиссия төрағасы;
- 2017-2023 ж.ж. – Қарағанды облыстық маслихатының хатшысы;
- 2023 ж. қаңтар айынан бастап – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;
«Құрмет» ордені, «Ерең еңбегі үшін» медальі және өзгеде ведомствалық наградалары бар.
Үйленген. 1986 жылғы ұлы бар.