Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Серік Өтешов «Кедендік әкелу баждарының (балама қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қолдау бойынша Сенат палатасының отырысында сөз сөйледі

09.02.2023 0

Кедендік әкелу баждарының (балама қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы

 

Рахмет, құрметті МӘУЛЕН САҒАТХАНҰЛЫ!

Құрметті әріптестер және шақырылғандар!

Бүгінгі күн тәртібінде қаралып отырған Заңды қолдаймын және оны қолдауға шақырамын!

 

Бастапқыда, Еуразиялық экономикалық одақ құрылған сәттен бастап оның әрбір мемлекетінде төленетін кедендік әкелім баждарының сомалары Одақтың барлық елдерінің бюджеттері арасында қалыптасқан бөлу стандарттарына сәйкес орындалатыны туралы атап өткім келеді.

Аталған баждарды есепке алу және бөлу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартына сәйкес айқындалады (№ 5-ші қосымшасында). Осы тәртіпке сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жоғары мемлекеттік қаржылық бақылау органдары баждарды қабылдау және бөлу процесін бақылауды жүзеге асырады.

Осындай тексерулерді жүргізу тәжірибесі бақылау іс-шараларын өткізудің тәртібі, кезеңдері мен мерзімдері, анықталған бұзушылықтарды жою тетігі халықаралық шарт деңгейінде бекітілуі қажет екенін көрсетті.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер үшін кедендік әкелім баждарын бөлу бойынша кірістердің келесі пайыздық көрсеткіштері белгіленді: Армения – 1,2%; Беларусь – 4,8%; Қазақстан – 6,9%; Қырғызстан – 1,9%; Ресей – 85%.

Сыртқы экономикалық процестерінде қатысатын барлық мемлекеттер экспорт-импорттан түсетін жалпы кедендік төлемдерді жоғарыда көрсетілген пропорцияларға сәйкес бөледі.

Соңғы 5 жыл көлемінде, Қазақстан импорттық кедендік баждардың көлемінде айтарлықтай оң сальдоға қол жеткізді. Дегенмен, көршілес елдердегі геосаяси жағдайдың өзгеруіне және олардың сыртқы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты 2022 жылы Қазақстан бюджетіне тек 291,6 миллиард теңге кедендік баждар түсті, бұл өз кезегінде 244,3 миллиард теңге мөлшерінде теріс сальдоға алып келді.

Мұндай жағдай келіп түсетін кедендік төлемдердің бөлу көлемдерін және алдағы перспективалары туралы ойлануды талап етеді.

Осыған орай, Сауда және интеграция министрлігімен қатар басқа да тиісті мемлекеттік органдарға Еуразиялық комиссия алаңында келіп түсетін кедендік төлемдерді бөлу бағытында Қазақстанның үлесін ұлғайту мәселесін қарастыру қажет деп санаймын.

Құрметті әріптестер! Осы Заңды іске асыру халықаралық деңгейде кедендік әкелім баждардың сомаларын есепке алу және бөлу тәртібінің сақталуына бірлескен бақылау іс шараларының барлық қажетті рәсімдері мен тетіктерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты қаралып отырған Заңды қолдауларыңызды сұраймын!

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу