Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Б.Өтешовтің «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы бойынша Сенат отырысындағы сұрағы

16.03.2023 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Б.Өтешовтің «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы бойынша сұрағы

 

 

Рақмет, құрметті Мәулен Сағатханұлы.

 

Менің сұрағымҚаржы министрлігіне жолданады.


Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда құрылыс бағасының өсуі 3,4%-ды, басқа жұмыстар мен құрылыс шығындарының бағасының өсуі 7,7%-ды құрады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес бүгінгі күні бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 230 нысанда құрылыс жұмыстарының мерзімі ұзартылды.

Ұзартудың себептерінің бірі құрылыс құнының қымбаттауы болып табылады.

Осы саладағы бағаның өсуі кеше туындаған жоқ және бұл мәселе барған сайын күшейе түсуде. 

Бюджет кодексінің 46-бабының 7-тармағына сәйкес жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюымен байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Құрылыс материалдары мен жұмыс күші бағасының тез өсуі жергілікті жерлерде әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын уақтылы орындауға кедергі келтіреді.

Мәселен, Қарағанды облысы бойынша соңғы 3 жылда әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу жобаларының қымбаттауы бастапқы құнының орта есеппен 176% -ды құрады.

Атап айтқанда, құнның ең жоғары өсуі жылу және су құбырлары желілерін салу мен қайта құрудың стратегиялық маңызды жобалары бойынша орын алды.

Анықтама ретінде:

Қарағанды облысында жалпы сомасы 31 816 453 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттаманың құны қымбаттай отырып, 11 жоба іске асырылуда.

Осыған байланысты келесі сұрақтарым бар:

1. Үкімет туындаған жағдайды қалай шешуді жоспарлап отыр?

2. Қазіргі уақытта Үкімет әзірлеп жатқан жаңа Бюджет кодексінде жергілікті және республикалық бюджеттен әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу жөніндегі жобалардың қымбаттауын қоса қаржыландыру мүмкіндігін көздеуге бола ма?

 

Рақмет!

Бөлісу