Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Серік Өтешов «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қолдау бойынша Комитет отырысында сөз сөйледі

26.04.2023 0

Құрметті Сұлтанбек Алмасбекұлы!

Құрметті әріптестер!

Бүгін Сіздердің қарауларыңызға «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы ұсынылды.

Бұл келісімнің өзектілігі цифрлық ортада авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғау және қорғау саласындағы халықаралық нормативтік - құқықтық базаны дамыту қажеттілігінен туындады.

Келісімнің мақсаты авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, Достастыққа қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту болып табылады.

Келісім Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін цифрлық ортада, оның ішінде Достастыққа қатысушы мемлекеттердің аумағында Интернетте пайдалану мәселелерін реттеуге бағытталған.

Құқық қолдану практикасы осы Келісімнің өзектілігін растайды. Мәселен, 2020 жылы Қазақстан Республикасында лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз етуді және басқа да объектілерді тарататын 24 шетелдік интернет-ресурстар анықталды. 2021 жылы – осындай 40 интернет-ресурс анықталды. Олар туралы ақпарат қолжетімділікті бұғаттау туралы мәселені қарау үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Қазақстан Республикасынан Келісімге 2021 жылғы 12 қарашада ТМД Үкімет басшыларының отырысында Премьер-Министр қол қойды.

Бүгінгі таңда мемлекетішілік рәсімдерді Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Армения Республикалары жүргізді.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының                         2) тармақшасына сәйкес Келісім ратификациялануға тиіс.

Құрметті әріптестер, мен заң жобасының негізгі бағыттары туралы баяндадым.

(Сұрақ – Жауаптар)

Құрметті әріптестер!

Келісімді ратификациялау кезінде оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Осыған байланысты, сондай-ақ талқылау қорытындысы бойынша осы Заңды Бас комитетке ескертусіз жіберуді ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу