Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат С.Өтешовтың «Қазақстанның инвестициялық ахуалы және инвестициялық тартымдылығы» тақырыбына арналған үкімет сағатында қойған сұрағы

29.05.2023 0

Қазіргі уақытта адами капитал кез-келген елдің тұрақты экономикалық өсуінің негізгі драйвері.

Қазақстанда адами капиталдың ұлттық байлыққа үлесі әлі де төмен деңгейде - 42%. Бұл көрсеткіш әлемдік орташа мәннен 20% төмен. Технологиялық процестердің жаһандануын ескере отырып, адами капитал көрсеткіштерінің төмендеуі Қазақстанды қиын жағдайға душар етеді. Өйткені, адами капитал Қазақстанның әл-ауқаты мен дамуында шешуші рөл атқарады.

Адами капитал индексінің негізгі компоненттерінің бірі-сапалы білім, атап айтқанда алынған білім мен дағдылардың сапасы.

Осыған байланысты келесі мәселелерді ескере кету керек::

1) Қазіргі уақытта сапалы білім алу, қайта даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру өндіріс саласындағы қызметкерлер үшін күрделі мәселе болып табылады. Жоғары оқу орындары біліктілікті арттыру шеңберінде білім беру қызметтерінің шектеулі жиынтығын ұсынады. Көптеген ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері өз білімдерін қажетті жиілікпен жаңартуға мүмкіндіктері жоқ.

2) Отандық өнеркәсіптің басты проблемаларының бірі - білікті мамандардың тапшылығы. Әсіресе IT саласында мамандар жетіспейді. Бұл мәселе шетелден кадрлар тарту арқылы шешілуде. Әдетте, шетелдік кадрлар қазақстандықтарды заманауи техникамен жұмыс істеуге үйретеді.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар адами капиталды дамытуға инвестиция салуға дайын емес. Оқу орталықтары ашылып жататын мысалдар бар, бірақ бұл сирек кездеседі.

Азаматтарға, әсіресе жастарға инвестицияларды ұлғайту оларға еңбек нарығының өзгермелі талаптарына бейімделуге және заманауи білім, дағдылар, жұмыспен қамту перспективаларын алуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере менде мынандай сұрақтар туындап отыр:

Білім беру жүйесіндегі технологиялық және нарықтық үрдістердің жаһандануын ескере отырып, адами капиталдың сапасын арттыру үшін қандай шаралар қабылдануда?

Білім беру жүйесінде елдің адами капиталын дамытуда инвестициялық тартымдылықты ынталандыру үшін не қажет?

 

Бөлісу