Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат С. Өтешовтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау жөніндегі ҚР Парламенті Сенатының отырысында қойған сұрағы

15.06.2023 0

Сұрақ Премьер-Министрдің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Босымбекқызы Дүйсеноваға

 

2022 жылы халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасы бекітілді. 2023 жылдың наурыз айында бұл бағдарлама жаңартылып, 2029 жылға дейін қарастырылған болатын.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2022 жылы халықтың нақты ақшалай кіріс индексі 2,8% құрады, ол 2020-2021 жылдардағы көрсеткіштерінен төмен. Орташа айлық жалақы 338,7 мың теңгеге дейін өсті, бірақ былтырғы жылғы инфляцияның өсуі бұл өсімді жоққа шығарды. Табысы төмен үй шаруашылықтарының статистикасы елдегі кедейліктің артқанын көрсетеді. Сонымен бірге, Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандар арасында өзін-өзі «кедей» бағалау 2022 жылдың қыркүйегінде 25% дейін өскен, ал 2020 жылдың желтоқсанында ол 14% тең болған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік трансферттер еңбек кірістерінің 31% құрайды, бұл халықтың мемлекеттің әлеуметтік қолдауына тәуелділігінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Бүгінгі күнде азық-түлік шығыстарының үлесі өсуде, өткен жылы бұл көрсеткіш 50,8% құрады. Ол халықтың басқа салаларына жұмсауға мүмкіндіктерінің аз екенін көрсетеді.

Осылайша, номиналды кірістердің оң динамикасына қарамастан, іс жүзінде олардың өсуі сезілмейді және халықтың өмір сүру сапасы төмендеуде.

 

Осыған байланысты менің сұрақтарым келесідей:

1) 2029 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасында қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып, қандай түбегейлі тәсілдер көзделген?

2) Бұл бағдарламаны іске асыру азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қалай әсер етеді?

Бөлісу