Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат С. Өтешовтың Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалы

22.06.2023 0

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі

         Ә.А. Смайыловқа

 

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

 

Елімізде ішкі көші-қон мен халықтың тұрақты өсу үрдісі байқалады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда жыл сайын миллионға жуық адам ішкі көші-қонға қатысады, олардың 55% өңірішілік, 45% өңіраралық көші-қон. 2022 жылғы деректерге сәйкесірі қалалардың, бірінші кезекте Астана, Алматы, Шымкент қалалары әлі де негізгі көші-қон ағындарын тартуда. Ал, олардыңинфрақұрылымы халықтың реттелмейтін ішкі-көші қон ағынына төтеп бере алмауда.

Егер демографиялық және көші-қон дамуының қазіргі тенденциялары сақталатын болса, болжамдық мәліметтерге сәйкес 2050 жылға қарай елдің оңтүстік өңірлеріндехалық саны 5,2 миллионға артып, ал солтүстіктеосы кезеңге қарай шамамен 1 миллион адамға қысқаруы мүмкін. 

 Елдің даму болашағы тұрғысынан ішкі көші-қонның қазіргі тенденциясы қолайсыз. Халықтың өңірлерденбақылаусыз кету үрдісіне байланысты ірі қалалар мен жекелеген облыстардағы халық санының өсуі демографиялық теңгерімсіздікті күшейтуде. Демографиялық жағдайдың нашарлауы елдің экономикалық әл-ауқаты мен ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Бұл мәселе, біріншіден, елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда туу көрсеткішінің және халықтың ең жоғары тығыздығымен, жер ресурстарының тапшылығымен, жұмыс күшінің жыл сайын артуымен ерекшеленетін елдің оңтүстік аймақтарын сипаттайды. Ресми статистика бойынша 2023 жылғы    1 тоқсанда оңтүстік өңірлердегі жұмыссыздық деңгейі 5% құрады.

Екіншіден, елдің солтүстік аймақтары халықтың тығыздығының өте төмендігі, еңбекке қабілетті жастағы халықтың көп кетуі, қартаю үрдісінің орын алуы, туу мен экономикалық белсенділіктің төмендеуін сипаттайды. Бұл ретте индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстанның негізгі өнеркәсіп салалары солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда орналасқанын ескерген жөн.

Қазіргі уақытта көші-қон ағындарында  жасанды тарту орталықтары қалыптасуда. 2014 жылдан бастап жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандыру бағдарламалары жүзеге асырыла  бастады. Алайда, оларды жүзегеасырудағы кейбір кемшіліктер мен олқылықтар оң нәтиже көрсетіп отырған жоқ.

1.«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін-2050» мемлекеттік білім беру бағдарламасы.

Бағдарламаға қатысушылардың көпшілігі оқу бітіргеннен кейін туған жерлеріне қайтып оралуда.Негізгі себептері: бағдарлама аясында алған мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігінің жоқтығы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі.

2. 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орнына келген 2022-2026 жылдарға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.

Жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударған азаматтар мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына, уәде етілген мемлекеттік қолдауды ұсыну деңгейі мен сапасына қанағаттанбауда. Мемлекеттік көмек толық көлемде және уақытында жүзеге асырылмауда. Көбінесе қоныс аударушылар өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы жағдайлары жоқ шалғай ауылдарға қоныстандырылған. Атап айтсақ, әлеуметтік, көлік және коммуналдық инфрақұрылымның болмауы, газдандырудың жоқтығы, тұрғын үй сапасының төмендігі. Сонымен қатар, қоныс аударушылар бейімделу мәселелеріне тап болуда. Осы мәселелерге байланысты, кейбір отбасылар жаңа тұрмыс жағдайларына қанағаттанбай, қайта оралуда.

Қазіргі уақытта жұмыс күші тапшы өңірлерде қалған, қызметтің қандай да бір саласында жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы, сондай-ақ бағдарламаларды жүзеге асырудың әрбір кезеңінде жұмсалған қаражат туралы ақпарат жеткіліксіз.

Елімізде демографиялық теңгерімсіздік мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар артып келеді (2022 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы), бірақ түпкі мақсатына жетуде шешілмей жатқан біраз мәселелер әлі де орын алуда.   Сондықтан бұл еліміздің күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Оны ел үшін стратегиялық маңыздылық пен ұлттық қауіпсіздік міндеттері тұрғысынан қарастыру маңызды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде төмендегі ұсыныстарды жолдаймын:

1) Қолданыстағы бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін арттыру және ішкі көші-қон процесстерін реттеуді жетілдіріп, мониторинг жүргізу мақсатында «Шетелдік жұмыс күші», «Бүркіт» көші-қон полициясы» жүйелерінің мысалында «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізу қажет.

2) Үкіметке, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар бағдарламалардың тиімділігіне аралық талдау жүргізулері тиіс. Мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіру мақсатында қоныс аударушылардың, жекелеген сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, бағдарламаларды жүзеге асырудың ағымдағы жағдайын бағалау қажет.

3) Қоныс аударушыларды көшіп барған өңірде тұрақты тұруға ынталандыру үшін өңірлерде тартымды әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау керек. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаларды өңірлерді кешенді дамыту арқылы жүзеге асыру қажет.

4) «Серпін-2050» бағдарламасы аясында барлық мамандықтар бойынша гранттар санын көбейту қажет. Еңбек тапшылығы бар өңірлерге көшіп келген отбасылардан шыққан жастарға осы білім беру бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастыру керек. Оқу бітірген жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу үшін салалық және өңірлік құрылымдардың әрекеттерін нақты үйлестіріп, өнеркәсіп салалары мен жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық орнату қажет.

 «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының             27-бабына сәйкес, Сізден, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша толық жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.

 

 

Құрметпен,

С. ӨТЕШОВ

Бөлісу