Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Платформалық жұмыспен қамту туралы» модельдік заң жобасын дайындау бойынша ТМД ПАА жұмыс тобының отырысы өтті

13.02.2025 146

Талга Жүнісов «Платформалық жұмыспен қамту туралы» модельдік заң жобасын дайындау бойынша ТМД ПАА жұмыс тобының отырысына қатысты.

Отырысбарысында жұмыс тобының мүшелері құжат жобасының мәтінін талқылады.

Осы Заң жобасы платформалық жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін, платформалық жұмыспен қамту саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру кепілдіктерін қамтамасыз етуді айқындайды, сондай-ақ платформалық жұмыспен қамтуға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

Жалпы, жобада көзделген платформалық жұмыспен қамтуды реттеу жөніндегі шаралар Қазақстанда іске асырылып жатқан тәсілдерге ұқсас.

Қазақстандаплатформалық жұмыспен қамту салыстырмалы түрде жақында пайда болды, бірақ соған қарамастан ол кең таралды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша әр түрлі интернет-платформаларда 1 миллионға жуық азамат қызмет етеді және олардың саны күн сайын артып келеді.

Жұмыс тобының мүшелері жоғарыда аталған модельдік заң жобасына ескертулер мен түсініктемелер жариялады.

Ұсынылып отырған шаралар интернет-серверлерде орындаушылар ретінде тіркелген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп қана қоймай, жұмыспен қамтылғандардың осы санатына қаржылық жүктемені төмендете отырып, жұмыспен қамтылған халықтың елеулі бөлігін «көлеңкеден шығаруға» ықпал ететін болады.

Талқылау нәтижелері бойынша «Платформалық жұмыспен қамту туралы» модельдік заң жобасын Сараптамалық кеңеске жіберу туралы шешім қабылданды.

Бөлісу