Арқа ажары газетіндегі "Сенатор мектептердің тапшылығы мəселесін көтерді" тақырыбындағы мақала
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері Мəулен Əшімбаевтің төрағалығымен өткен Палата отырысында сенатор Талғат Жүнісов Үкіметке Ақмола облысындағы мектептердің тапшылығы мəселесі жөнінде депутаттық сауал жолдады.
Депутат өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа білім ошақтарының пайдалануға берілгенін, бұл мектеп орындарының жетіспеушілігін едəуір төмендеткенін атап өтті. Алайда, урбанизация, тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы жəне көші-қон үдерістерінің нəтижесінде өңірдің жеті елді мекенінде жаңа мектептер салу қажеттілігі туындап отыр. Жер учаскелері қарастырылғанымен, мектеп құрылысын қаржыландыру мəселесі шешілмеген күйде қалуда.
– Қосшы қаласында 1500 орындық жаңа мектеп салу қажет, себебі, мұндағы мектептерде оқушылар орнының тапшылығы байқалады. Сол сияқты, Көкшетау, Щучинск қалалары мен Аршалы, Шортанды жəне тағы басқа да аудандарда мектептерге деген сұраныс жоғары. Ауылдарда да жағдай күрделі, мысалы, Краснояр ауылында мектептердің жобалық қуаты 1010 орын болса, оқушылар саны 2290-ға жеткен, – деді бұл орайда, сенатор.
Осыған байланысты Талғат Жүнісов Премьер-Министрден үш ауысымдық оқытуды жою жəне мектеп орындарының тапшылығын шешу мақсатында 2025 жылы аталған елді мекендерде мектеп салуға республикалық бюджеттен қаржы қарастыруды сұрады.
Бекбол Орынбасаров газ жəне лифт шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейту, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігінің жауапкершілігін арттыру қажет екенін айтты.
Ғалиасқар Сарыбаев көміртегі қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін қажетті міндеттерді шешу мəселелеріне, соның ішінде экономиканы декарбонизациялау үшін инвестициялардың тапшылығына назар аударды. Депутаттың айтуынша, күрделі көміртегі жобаларын іске асыру үшін кадрлар мен технологиялардың тапшылығы да өзекті мəселе болып отыр. Осыған байланысты сенатор климаттық инвестицияларды қолдауды көздейтін нақты шаралар ұсынды.
Сенатор Талғат Жүнісов Ақмола облысындағы мектептерде оқушылар саны тиісті шамадан тым көп екенін айтып, мəселе көтерді. Сенатор аталған олқылықты тиімді шешу жəне инфрақұрылымды жақсарту үшін қосымша қаржы бөлу керек екенін айтты. Сəкен Арубаев Үкіметті күрделі материалдық жағдайға тап болған ұлттық су ресурстары университетіне кешенді қолдау көрсетуге шақырды. Депутаттың сөзіне қарағанда, әскерген инфрақұрылым білім беру сапасына жəне ғылыми кадрлар даярлауға кері əсерін тигізеді.