Атбасар ауданыны жұмыс іс-сапары
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов жұмыс сапарларымен Атбасар ауданына келіп, онда тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік салалардағы, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешендегі бірқатар жобалардың іске асырылуымен танысты.
Сапар аясында сенатор 2024 жылы көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқа да санаттағы балалар үшін пайдалануға берілген 100 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталған құрылысымен танысты. Тексеру барысында Талғат Жүнісов тұрғындармен өзекті мәселелер бойынша әңгімелесті.
Әрі қарай сенатор Атбасар қаласындағы аграрлық-индустриялық колледжде болып, оның қызметімен танысты. Даму жоспарлары, инфрақұрылымды жаңарту, оқушылар санын көбейту және оқу үдерістеріне жаңа технологиялық шешімдерді енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы колледж директоры Асқарбек Төлебаев хабарлады.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі тұрғын үй-коммуналдық сала болып қала береді. Сенатор Атбасар қаласының орталық қазандығын қайта құру барысымен танысты.
Бұл жобаның мақсаты қаланың қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйесін жаңарту, оны жаңғырту, автоматтандыру, қазандық қондырғыларының қуатын арттыру, сондай-ақ қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.
Ағымдағы жылы жылыту маусымының басында жоспарланған 4 қазандықтың екі жаңа қазандығы іске қосылады, бұл өз кезегінде берілетін қуаттың 2-3 есеге ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, сенатор Талғат Жүнісов «AMANAT» партиясының филиалында отбасы, әлеуметтік төлемдер және басқа да мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады.
Сапар соңында сенатор Талғат Жүнісов Атбасар ауданы Бастау ауылында сүт - тауар фермасы құрылысының барысымен танысты.
Жобаны іске асыру барысында 918 бас нетель сатып алу жоспарлануда (Германия). Құрылыс кестеге сәйкес жүргізіледі. Жобаның тапсырыс берушісі – «Бастау» ЖШС. Жобаның жалпы құны 7,5 млрд. теңгені құрады, жоспарланған тапсыру мерзімі 2025 жылғы қараша - желтоқсан.