Бұланды ауданыны жұмыс іс-сапары
Бұланды ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов келді.
Сапар аясында сенатор «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан Вознесенка ауылындағы жаңа көпірге барды. Вознесенка ауылындағы көпірдің құрылысы 2025 жылдың 02 маусымында басталды. Қазіргі уақытта жағалау тіректерін құю жүзеге асырылуда, асфальт төсемдерін құю бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Бұдан әрі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Вознесенка ауылындағы Мәдениет үйі құрылысының барысымен танысты. Бүгінгі таңда іргетас құю, сыртқы қабырғалар мен ішкі бөлімдерді қалау жұмыстары жүргізілді. Шатырдың қабырғалары мен төбелерін төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан әрі әрлеу, электр қуатын төсеу, жылыту, Сантехника және кәріз жұмыстары жоспарлануда, сондай-ақ аумақты абаттандыру көзделген. Бұл жобаны іске асыру ауыл тұрғындарының мәдени демалысы үшін заманауи жағдайлар жасауға бағытталған.
Қараөзек ауылында депутат кіреберіс жолды жөндеу барысымен, сондай-ақ мәдениет үйін қайта жаңартумен танысты. Бүгінгі таңда барлық бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп, Қараөзек ауылындағы Мәдениет үйі ғимаратының іргетасы мен қабырғалары толық нығайтылды.
Сонымен қатар, сапар барысында «Б. Шолақ атындағы мектеп - лицей» КММ және «Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру нысандарына тексеру жүргізілді.
Қазіргі уақытта Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі мен Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінде мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі: іргетастың, құрама блоктардың, ғимарат қабырғаларының сыртқы және ішкі тірек конструкцияларының көтергіш қабілетін және пайдалану жарамдылығын қалпына келтіру.
Еден жабынының, ғимараттың қабырғалары мен бөлімдерінің ішкі әрлеуінің пайдалану жарамдылығын қалпына келтіру, әкпен, су эмульсиялық құраммен, май құрамымен бояу, беттерді керамикалық плиткамен жабу.
Сапар барысында өңірдің әлеуметтік дамуының, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың, білім беру салаларында көрсетілетін қызметтердің инфрақұрылымы мен сапасын жақсартудың өзекті мәселелері талқыланды.
«Біз өңірлерге барамыз, халық пен жұртшылықты толғандыратын мәселелерді талқылаймыз. Содан кейін оларды министрліктермен және басқа да жауапты органдармен бірлесіп пысықтаймыз. Біз Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жұмыс істейміз. Барлық экономикалық және әлеуметтік реформалар қаржылық қамтамасыз етумен байланысты. Жергілікті жерлерде, өңірлерде бөлінетін қаражаттың тиімді және нысаналы мақсаты бойынша игерілуі маңызды», - деп атап өтті Талғат Жүнісов.