«Жаңа кәсіптер атласы» жобасын іске асыруды талқылау бойынша кездесу
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов «Мамандығым-болашағым» Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы кеңсесінің басшысы Олжас Сәкеновпен және Жоба менеджері Жанна Жауқаровамен «Жаңа кәсіптер атласы» жобасының іске асырылу барысын талқылау бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында жобаны енгізудің негізгі бағыттары мен кезеңдері қаралды, жаңа сұранысқа ие кәсіптердің пайда болуы күтілетін экономиканың басым салалары, сондай-ақ еңбек нарығының болашақ талаптарын ескере отырып, мамандарды даярлау тетіктері белгіленді.
Жастарды кәсіби бағдарлау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту және білім беру бағдарламалары мен экономиканың нақты секторының қажеттіліктері арасындағы байланысты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Жаңа кәсіптер атласы» жобасын іске асыру еңбек ресурстарын стратегиялық жоспарлауды және қазіргі заманғы экономиканың сын - қатерлеріне тиімді бейімделе алатын кадрларды даярлауды қамтамасыз етуге арналған», - деп атап өтті Талғат Жүнісов.