«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «2026-2028 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»
2026 жылы бюджет кірісі 23,1 трлн теңге көлемінде болжанып отыр, оның ішінде өз кірісі - 19,2 трлн теңге болды. Өсім экономикалық дамуды, жаңа Салық кодексін енгізуді және әкімшілендіру тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,5%-ын құрайды, 2028 жылға қарай 0,9%-ға дейін төмендейді.
2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес республикалық бюджеттің кірістері 2026 жылы 19,2 трлн теңге, 2027 жылы 21,2 трлн теңге және 2028 жылы 23,2 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Шығыстар тиісінше 27,7 трлн, 28,8 трлн және 29,8 трлн теңгені құрайды. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері жыл сайын 2,77 трлн теңге деңгейінде сақталады.
Отырыс барысында Денсаулық сақтау, Туризм және спорт, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрлігінің бюджет бойынша ақпарат тыңдалды.