Сенаторлар Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аясында аграрлық секторды дамытуды талқылады
Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекенов пен Талғат Жүнісов Ақмола облысында өткен Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шараға қатысты.
Сенаторлар шаруашылық басшыларымен әңгіме барысында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өңірдің шешуші рөлін атап өте келіп, аграрлық секторды одан әрі қолдау қажеттігіне тоқталды. Депутаттардың айтуынша, рекордтық егін жинау жағдайында өндірісті жаңғыртуға, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға және саланың тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын нығайту аса маңызды.
Парламентшілер сондай-ақ ауыл дамуының әлеуметтік мәселелеріне назар аударды. Оның ішінде жалақыны көтеру, қолайлы еңбек жағдайын жасау және еңбек әулеттерін қолдау ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатыны айтылды.