Балалар қорғалады: сенаторлар ақпарат мазмұнына қарай оның кейбір түрлерін насихаттауға тыйым салу туралы заңды қарады
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылау бойынша кеңейтілген отырыс отырыс болды.
Заңнамалық түзетулер мұрағат саласын жаңғыртуға және мұрағат құжаттарын сақтау, пайдалану және қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Құжат Ұлттық мұрағат қорын, оның ішінде тәжірибелік-конструкторлық, жобалау-сметалық және қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ олардың сызбалары мен мәтіндік жазбалар құрамын кеңейтеді. Цифрлық мұрағат жұмыс істейтін болады, мұрағат материалдарын электрондық нысанға ауыстыру реттеледі және отбасылық және жеке құпия туралы мәліметтер қамтылған құжаттарға 75 жыл мерзімге дейін шектеу белгіленеді.
Түзетулердің маңызды бөлігі балаларды зиянды ақпараттан қорғау шаралары болып табылады. Заң қоғам аясында, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникациялық желілерде және педофилия мен өзгеше жыныстық бағдарды насихаттайтын мазмұнның онлайн платформаларда таралуын шектейтін ережені күшейтеді. Тиісті өзгерістер бала құқықтары, жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары және онлайн-платформа туралы заңнамаға енгізіледі.
Сенатор Руслан Рүстемовтың басшылығымен жұмыс тобының құрамына Сенаттың салалық комитеттерінің, мәдениет және ақпарат, жасанды интеллект және цифрлық даму, білім министрліктерінің өкілдері, мұрағат саласының мамандары және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша мәселені Палатаның қарауына шығару туралы шешім қабылданды.