Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта тарихи-мәдени мұраны қорғау мәселелері талқыланды

15.12.2025 274

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды кеңейтілген отырыста қарады. Заң тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға білім беру және сауықтыру қызметтерін дамытуға бағытталған.

Құжатта тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау жүйесін жетілдіру көзделіп отыр. Тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға және археологиялық жұмыстарды жүргізуге лицензиялардың екі түрі – бес жыл мерзімге енгізілетін болады. Сондай-ақ Ұлттық археологиялық қызметті және археологиялық жұмыстар бойынша Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру көзделуде.

Заңда мемлекеттік қор мен жаппай археологиялық ескерткіштер мен археологиялық материалдардың Ұлттық депозитарийін құру, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау мақсатында жер учаскелерін беру және жер пайдалану мәселелері нақтыланады. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреттері күшейтіледі, археологиялық жұмыстарды жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарға бөлу енгізіледі. Археологиялық ескерткішті беру, сақтау және пайдалану тәртібі, сондай-ақ археологиялық жұмыстарды жүргізу кезінде техникалық құралдарды қолдану реттеледі.

Сонымен қатар заң кәмелетке толмағандарға білім беру және сауықтыру қызметтерін көрсететін қосымша білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіруге бағытталған нормаларды да қамтиды.

Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу