Сенатор Талғат Жүнісов Ақмола облысында Президенттің әлеуметтік кепілдіктер мен дәрігерлерді қолдау туралы тапсырмаларын талқылады
Парламент Сенатының депутаты Талғат Жүнісов Ақмола облысындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралады.
Сенатор Красный Яр ауылында денсаулық сақтау және спорт мекемелерінің қызметімен танысты. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жұмыс істеу сапасын бақылау, сондай-ақ тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу – сапардың басты мақсаты болды. Спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды.
Сенатор сапар барысында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап, бұқаралық спорт, дене шынықтыру және халықтың белсенді бос уақытын өткізу үшін жасалған жағдайлармен танысты.
Сапар аясында Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына, сондай-ақ Көкшетау көпсалалы ауруханасының паллиативтік бөлімшесінде болды. Медицина қызметкерлерімен кездесу барысында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі, кадр әлеуеті және еңбек жағдайлары мәселелері талқыланды. Дәрігерлерді қолдау мәселелеріне, сондай-ақ физикалық зорлық-зомбылық пен медицина қызметкерлеріне қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдатуға қатысты жақында заңнамаға енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Сенатор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатында медициналық туризмді дамытудың келешегі, сондай-ақ жеке медициналық орталықтарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау туралы айтқанын атап өтті. Халыққа медициналық қызметтерді сапалы әрі қолжетімді ету – басты мақсат болып отыр.
«Өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау, сапалы медицинаның қолжетімділігі және бұқаралық спортты дамыту – бұл бір реттік жобалар емес, жүйелі жұмыс болып табылады. Кездесулер барысында көтерілген барлық мәселелер мен ұсыныстар бақылауға алынып, одан әрі қарау және нақты шешімдер қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады. Мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жердегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуы – басты міндет», - деп атап өтті сенатор.