Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Туризм саласын және балалар спортын қолдау мәселелері - сенаторлардың назарында

27.01.2026 258

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы» Заңды талқылады.

Құжат экономиканы әртараптандыру, ішкі және келу туризмін дамыту, адами капиталды нығайту және балалар мен жасөспірімдер үшін спорттың қолжетімділігін арттыру бойынша мемлекеттік басымдықтарды іске асыруға бағытталған.

Заңда спорт саласындағы бюджеттен тыс қаражатты бөлу жөніндегі бірыңғай оператордың қаржылық есептілігіне міндетті жылдық аудит жүргізуді енгізу, сондай-ақ уәкілетті органның туристік өнімді қалыптастыру, келу туризмін субсидиялау және туристік инфрақұрылымды салу мен реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша құзыреттерін нақтылау қарастырылған.

Бұдан бөлек, заңмен жергілікті атқарушы органдарға туризм саласындағы нысандардың мақсатты пайдаланылуын мониторингілеу және басым туристік аумақтардың шекараларын айқындау бойынша жаңа құзыреттер беріледі. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қосымша білім беру ұйымы ретіндегі мәртебесі бекітіліп, БЖСМ-ге мемлекеттік тапсырыс, жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі және оны орналастырудың бірыңғай қағидалары енгізіледі, сондай-ақ деректерді есепке алу мен мониторингілеу үшін дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасы құрылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет мүшелері Заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу