Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ТМД ПАА платформалық жұмыспен қамту туралы үлгі заң жобасын талқылады

09.04.2026 75

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов ТМД Парламентаралық Ассамблеясының жұмыс тобының отырысына қатысты. Онда «Платформалық жұмыспен қамту туралы» үлгі заң жобасы талқыланды.

Қаралып отырған заң цифрлық платформалар (такси, курьерлік қызмет, фриланс) саласындағы еңбек қатынастарын реттейді. Құжат курьерлер мен такси қызметкерлеріне әлеуметтік қамсыздандыру және еңбекті қорғау мәселелерімен қоса бірыңғай тәсілдер қалыптастыруға, қызметкерлер мен тапсырыс берушілер және платформа операторларының құқықтарын қорғауға бағытталған.

«Платформалық жұмыспен қамтудың басты артықшылығы –  негізгі жұмыспен қамту мүмкіндігі, жұмыс уақытының икемділігі, жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігі. Қазақстан Республикасы жалпы алғанда үлгі заң жобасына енгізілген тұжырымдамалық тәсілдерді қолдайды. Жоба сонымен қатар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тәсілдерін үйлестіру үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін», - деп атап өтті Талғат Жүнісов.

Бөлісу