Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ақмола облысы Атбасар ауданына жұмыс сапары

24.02.2026 188

БүгінСенат депутаты Нұрлан Бекеновпен бірге Ақмола облысының Атбасар қаласындағы Аграрлық-индустриялықколледж ұжымымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау бойынша кездесу өткіздік.

Іс-шара барысында қатысушыларға Негізгі Заң жобасының негізгі ережелері мен тұжырымдамалық бағыттары туралы толық ақпарат ұсынылды. Құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

МемлекетБасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум өткізу бастамасы елді одан әрі жаңғыртудың тұрақты құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталғаны және ұзақ мерзімді дамудың стратегиялық міндеттеріне жауап беретіні атап өтілді.

Ашықдиалог барысында педагогикалық ұжым өкілдері конституциялық нормаларды іс жүзінде қолдануға, білім беру саласын дамытуға, педагогтардың мәртебесіне және академиялық еркіндікті қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар қойды. Кездесуге қатысушылар азаматтардың елдің болашағын айқындайтын шешімдерді талқылауға және қабылдауға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу