Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ақмола облысының Жақсы ауданында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды

25.02.2026 182

Бүгін Жақсы ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымымен және Жақсы аудандық ауруханасының еңбек ұжымымен кездесу өткіздік.

Медицина қызметкерлерін Конституциялық қорғау оларға қауіпсіз және санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келетін еңбек жағдайларына кепілдік береді. Конституцияның бұл ережелері мемлекет пен жұмыс берушілерге медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын жан-жақты қорғау, кәсіби тәуекелдерді жүйелі түрде анықтау және азайту, сондай-ақ мемлекеттің аса маңызды инфрақұрылымы ретінде ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі тікелей заңдық міндетті жүктеу үшін құқықтық негіз қалыптастырады.

Сонымен бірге, Негізгі заңның педагогтың кәсіби қызметін құқықтық қорғауды белгілейді. Жаңартылған Конституцияның 3-бабында адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде ресми танылатыны көрсетілген. Педагог мамандығының тұрақтылығы мен қорғалуы бекітіледі. Педагог мемлекеттің Конституциялық міндетінің негізгі орындаушысы болады, бұл жұмыспен қамтудың тұрақтылығын күшейтеді, білім беру жүйесін өз бетінше оңтайландыру тәуекелдерін төмендетеді және педагогикалық мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын нығайтады.

Бөлісу