Әйткенов
Ернұр
Нұрмұханұлы
Ернұр
Нұрмұханұлы
Павлодар облысынан сайланған.
Туған күні: 04.09.1965
Туған жері: Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылы
Білімі:
Семей зоотехникалық-ветеринарлық институты (1989);
Зооинженер
Инновациялық Еуразия университеті (2014);
Экономика және бизнес бакалавры
Инновациялық Еуразия университеті (2015);
Экономика және бизнес магистрі
Еңбек өтілі:
- Совхоз зоотехнигі, Май аудандық агроөнеркәсіптік одақ жетекші зоотехнигі, совхоздың бас зоотехнигі, Май аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі (1989-1996);
- «Ақжар» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорынының директоры (1996-1997);
- Павлодар облысы Агроөнеркәсіптік кешен департаментінің мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы бөлімінің бастығы (1997-1998);
- Железин ауданының ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы (1998-1999);
- «Еңбек» шаруа қожалығының атқарушы директоры (1999-2004);
- Павлодар аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары (2004-2005);
- «Песчанский» Асыл тұқымды орталығы» МКК директоры (2005-2006);
- Павлодар облысы Май ауданының әкімі (2006-2010);
- Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі (2010-2014);
- Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (2014-2017);
- Павлодар облысы Аққулы ауданының әкімі (2017-2018);
- Павлодар облысы Тереңкөл ауданының әкімі (2018-2021);
- Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы (2021-2023)
Еңбек жолында «Құрмет» орденімен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
ҚР, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының және Май ауданының құрметті азаматы.