Аграрлық ғылымды дамыту – басты міндет Бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде кеңейтілген отырыс өткізіп, аграрлық ғылым, білім және өндірісті біріктіру мәселесін талқылады. Отырыста аграрлық жоғары оқу орындарының материалдық базасын нығайту, тәжірибелік станцияларды дамыту және заманауи мамандар даярлау жайы көтерілді. Комитет төрағасы Әли Бектаев ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтудің маңызын атап өтті. Аграрлық ғылымды ел қажеттілігіне бейімдеу, цифрландыру мен инновациялық білім беру – саланы дамытудың негізгі бағыттары ретінде ұсынылды. Бұл кездесу ауыл шаруашылығының болашағына жаңа серпін беретініне сенімдіміз.