Жауаптың қысқаша мазмұны |
Өткізілген консультативтік кеңестердің қорытындысы бойынша халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстандағы киіктер популяциясын одан әрі басқару жөнінде ұсынымдар әзірлейтін болады, олар жоспарланған биологиялық негіздемеде көрсетілетін болады. Бұдан басқа, нормаларды өзектендіру тұрғысынан қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізу, сондай-ақ киіктердің дериваттарын (мүйіздерін) қайта өңдеу жөніндегі зауыт салу және шаруа қожалықтары үшін егіс алаңдары мен шабындықтардың айналасында қоршаулар салуға мемлекет қаражатын субсидиялау мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтау көзделіп отыр. Жалпы, елдегі киіктер популяциясын сақтау және реттеу мәселелері Үкіметтің бақылауында.
|