Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есебіне Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысы талқыланды.
Отырыс барысында республикалық бюджеттің атқарылуының негізгі көрсеткіштері, бюджет қаржысын тиімді пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік аудит нәтижелері қаралды. Қатысушылар бюджет тәртібін қамтамасыз ету, мемлекеттік шығыстарды жоспарлау сапасын арттыру және қаржыны бақылау тетіктерін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.
Талқылауға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, Қаржы министрлігінің өкілдері, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты. Жоғары аудиторлық палатаның, Ұлттық банктің және Қаржы министрлігінің өкілдері баяндама жасап, 2025 жылғы республикалық бюджетті атқару қорытындылары туралы хабардар етті және сенаторлардың сұрақтарына жауап берді.
Бюджет қаржысын нәтижелі игеру, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, сондай-ақ мемлекет қаржысын тиімді басқаруды арттыру шараларына ерекше назар аударылды. Сенаторлар аудит барысында анықталған заң бұзу мен кемшіліктерді, сондай-ақ бюджет ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін оларды жою жолдарын талқылады.
Комитет отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебін және 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын Палатаның қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)