Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар жаңартылатын энергия көздері және электр энергетикасы туралы заң жобасын қарайды

23.11.2020 618

Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болып, онда депутаттар Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады және Мәжілістен келіп түскен заң жобаларын комитеттерге  бөліп берді.

Сенаттың кезекті отырысы 2020 жылғы 26 қарашада өтетін болды. Депутаттар Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарайды.

Сонымен қатар Мәжілістен келіп түскен заң жобаларын бөлу барысында Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне бірқатар заң жобалары берілді. Атап айтқанда, олар Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жобасы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып отыр.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша қорытынды дайындайтын болды.

Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын пысықтаумен айналысады.

Сенаторлар бюрода сондай-ақ 2020 жылғы 4 желтоқсанда «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму: Қазақстанда шағын, орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру» тақырыбымен өтетін парламенттік тыңдауды дайындау және өткізу мәселесін де талқылады. Парламенттік тыңдау өткізуді ұйымдастыру Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетіне жүктелді. Сенат комитеті мен Аппаратына тыңдауларды дайындау және өткізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Бөлісу