Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар радиациялық төтенше жағдайларды шешуге көмек көрсету туралы келісімді ратификациялауды талқылады

19.01.2021 891

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай кезінде келісімге қатысушы басқа мемлекеттерден елге көмек алуына және олардың салдарын жою үшін көмектесуге кепілдік беретін құжатты талқылады.

Келісімді ратификациялау ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай орын алған елге көмек көрсетуді көздейді. Келісімнің мақсаты – апатты оқиғалардың салдарын барынша азайту, халықтың денсаулығын, мүлік пен қоршаған ортаны радиоактивті атындылардан қорғау болып табылады.

Бұл ТМД мемлекеттеріне атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану барысында туындауы мүмкін кез-келген оқиғалар кезінде жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу