Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысындағы сүт кәсіпорындарының жұмысын тексерді

12.07.2021 718

Сенаторлар Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының фермерлерімен кездесу барысында сүтті мал шаруашылығын дамытудың келешегі туралы айтты. Депутаттар сондай-ақ ауыл шаруашылығын одан әрі жаңғырту және цифрландырудың маңызын атап өтті. Депутаттар сүт-тауар фермасының жұмысында осы әдістердің нәтижелерімен де танысты. 1600 бас ірі қара малға есептелген бұл кешен осы саладағы ірі жобалардың бірі болып саналады.

Ауылды дамыту үшін заманауи технологияларды енгізумен қатар, кадр тапшылығы проблемасын шешу де маңызды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы ауыл тұрғындарын еңбек күші тапшы өңірлерге көшіруге бағытталып отыр. Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов Астраханка ауылында еліміздің оңтүстік өңірлерінен осы жаққа көшіп келген азаматтарға қандай жағдай жасалатыны туралы хабардар болды.

«Бұл бағдарлама еліміздің солтүстік аймақтарынан халықтың кетуін азайтуға мүмкіндік береді және адам ресурстары мен аймақтың кадрлық әлеуеті жақсартатын болады. Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың Кешенді жоспарына енгізілуі осы жұмыстың ерекше маңызын  көрсетіп отыр», - деді Ерік Сұлтанов.

Сенаторлар сондай-ақ Қызылжар ауданы Чапаев ауылындағы 720 бас симментал асыл тұқымды малға арналған тауарлық сүт кешенінде болды. Кешен директоры агрокәсіпорын жұмысының құрылымы және негізгі өндірістік-шаруашылық көрсеткіштерінің қозғалыстарымен депутаттарды таныстырды.

«Қазіргі уақытта мемлекет шаруаларға қолдау көрсетуде. Өңірде сүтті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бағдарламалар табысты жұмыс істеуде. Алдағы уақытта мемлекеттік қолдау мен жеке инвестициялар есебінен саланы қаржыландыру ұлғаяды деп ойлаймын» - деп атап өтті Ерік Сұлтанов.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу