Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар «Қазақстан-Бразилия» достық тобының отырысына қатысты

13.09.2021 353

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Бразилия Федеративтік Республикасы Ұлттық Конгресі Сенатының «Қазақстан-Бразилия» достық топтарының алғашқы бірлескен отырысы өтті.

Сенатор Дәурен Әділбеков әріптестерімен кездесу кезінде Қазақстан Бразилияны Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ең ірі сауда әріптесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Бразилия арасындағы қарым-қатынас 2007 жылдан басталғанын жеткізді.

«Кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және дамыту мақсатында биыл Қазақстанның индустрия және экспорт орталығы мен Бразилияның Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының қамқорлығымен Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесі құрылды. Ол сенімді тұғырнамаға айналып, екі елдің жетекші компанияларын біріктіреді. Сондай-ақ бізге парламентаралық қатынастар аясында екі жақты ынтымақтастықты жалғастыру қажет деп санаймын. Қазақстан Парламентінің Сенаты бразилиялық әріптестерімен парламентаралық диалогты жолға қоюға және одан әрі дамытуға жәрдемдесуге дайын», - деді Дәурен Әділбеков.

Депутат Ақылбек Күрішбаев өз кезегінде біздің елдерімізді тек экономикалық ынтымақтастық қана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығына пайдаланылатын үлкен аумақтардың болғаны да байланыстыратынын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар құқықтық қамтамасыз ету, қылмыстық заңнама, демократиялық реформалар, гендерлік саясат мәселелерін де талқылады және екіжақты өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың бағыттарын белгіледі.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу