Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар биологиялық қауіпсіздік туралы заңдар қабылдады

28.04.2022 533

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар еліміздің биологиялық қауіпсіздігі туралы заңдар қабылдады.

Аталған құжаттар биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқарудың үйлестірілген жүйесін құруға, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттердің айналымы туралы деректерді есепке алу мен мониторинг жасаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға арналған. Бұл заңдарда биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылымның басымдықтары мен бағыттары да айқындалды. Осы және басқа да жаңа нормалар «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарында жазылған.

«Қабылданған заңдар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді. Бұрын елімізде биологиялық қауіпсіздік саласын құқықтық реттеуге арналған арнайы заң болған жоқ. Алдағы уақытта осы құжаттар елімізде биологиялық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк реттеудiң құқықтық негiздерiн қалыптастыруға, биологиялық қауіп-қатерді болжауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Сондай-ақ бұл заңдар биологиялық қауіпсіздік саласындағы іргелі және қолданбалы ғылымды дамытуға өз үлесін қосады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар отырыста сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады.

Еділ Мамытбеков «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларды іске асырудың жаңартылған тәртібін сынға алды. Сенатордың пікірінше, жаңа тәртіп адал бәсекелестік пен кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі қағидаттарын бұзады.

Бекболат Орынбеков Жамбыл облысында фосфор қалдықтарының көлемі артып кеткенін айтып, дабыл қақты. Депутат бұл жағдай өңір тұрғындарын алаңдатып отырғанын және ол адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін жеткізді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Е.Үкібаев)

Бөлісу