Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар отандық денсаулық сақтау саласына инновация енгізу мәселелерін зерделеді

07.10.2022 154

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Назарбаев Университеті» ДББҰ Медицина мектебінде және университеттің медициналық орталығында болды.

Сенаторлар мектептің ғылыми-зерттеу және білім беру инфрақұрылымымен танысып, 3D цифрлық анатомия зертханасын, биомедициналық зерттеулер ғылыми зертханасы мен симуляциялық орталығын көрді. Мұнда студенттер, жұмысқа кіріскен дәрігерлер мен медбикелер және басқа да мамандар кәсіби жабдықтармен емдеу ісін үйренеді және жетілдіреді.

Медицина мектебінің деканы халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары білікті денсаулық сақтау мамандарын даярлау олардың қызметінің басты мақсаты екенін айтты.

«Мектеп және оның профессорлық-оқытушылық құрамы отандық денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін педагогикадағы инновациялық тәжірибені кеңінен тарату аясында ынтымақтастықты дамыту жөніндегі маңызды миссияны атқарып келеді. Бұл өз кезегінде дәрігерлерді, медбикелерді және денсаулық сақтау саласындағы басқа да мамандарды даярлау жүйесін дәйекті түрде жетілдіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті сенатор Нариман Төреғалиев.

Кездесу барысында университеттің академиялық медициналық орталыққа айналуы туралы да айтылды. Бүгінде медициналық қызмет көрсету саласына сәйкес стационар мен амбулаториялық көмек бөлімдерін біріктіретін академиялық клиникалық департаменттер құрылып, алғашқы қадамдар жасалды. Бұл емдеу ісіндегі инновациялық міндеттерді, білім беру бағдарламаларын және ғылыми зерттеулерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Сенат Комитеті бұл кездесуді Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Денсаулық сақтаудағы ғылым, білім және клиникалық тәжірибенің үштұғырлығы: жай-күйі, проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге дайындық барысында еліміздегі денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуды егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында ұйымдастырып отыр.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Б.Серікбай)

Бөлісу