Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Бюро қаулысы

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты Бюросының

Қ А У Л Ы С Ы

Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес туралы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Регламентінің
102-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Бюросы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс – қимыл жасау жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

2. Кеңестің негізгі мақсаты жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу болып белгіленсін.

3. Кеңестің лауазымдық құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылдықта кем дегенде бір рет өткізілсін.

5. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты Кеңестің қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық және өзге де қамсыздандыруды қамтамасыз етсін.

6. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының «Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес туралы» 2007 жылғы 19 қарашадағы № 30-IV CБ қаулысының күші жойылды деп танылсын.

   Қазақстан Республикасы Парламенті

              Сенатының Төрағасы      

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты Бюросының

2023 жылғы 15 мамырдағы

№ 19-VІІІ CБ қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс – қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары, Кеңес төрағасы;

«Өңір» депутаттық тобының жетекшісі, Кеңес төрағасының орынбасары (Сенат депутаттарымен өзара іс-қимыл мәселелері);

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Кеңес төрағасының орынбасары (мәслихаттармен өзара іс-қимыл мәселелері);

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы;

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы;

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы;

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы;

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы;

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы;

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының төрағалары;

Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту және өңірлік даму саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы басшысының орынбасары.