1983 жылы туған. Білімі жоғары. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша (2004 ж.), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2009 ж.) бітірген. Экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде маман, жетекші маман ретінде бастаған. 2006 жылы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Жүйелік жобалар, Ақпараттық-талдау департаменттерінің менеджері, 2007 жылы «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» ЖШС ICS бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған.
2007-2009 жж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маман, сарапшы.
2009 ж. – ҚР Статистика жөніндегі агенттігінде департамент директорының орынбасары.
2009-2010 жж. - ҚР Парламенті Сенаты Аппараты Ақпараттық-талдау бөлімінің бас консультантының м.а.
2010-2013 жж. - «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінде Корпоративтік даму департаментінің директоры.
2013-2016 жж. - «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Стратегия және мониторинг департаменті директорының орынбасары, директоры.
2016-2018 жж. – «ҚазАгро» ҰБХ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, басқарушы директор – Басқарма мүшесі.
2018-2019 жж. - «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының Стратегия және мониторинг департаментінің директоры.
2019-2020 жж. – «Берекет» халықаралық әмбебап тауар биржасы» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
2020 ж. - ҚР Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік жөніндегі комитеттің төрағасы.
2021 ж. - ҚР Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС директоры.
2022-2023 жж. - ҚР Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік жөніндегі комитеттің төрағасы.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, мерейтойлық медальдермен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын алған.