Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Төлеуова Бақытгүл Аманғалиқызы

Төлеуова Бақытгүл Аманғалиқызы
Қаржы және бюджет комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі

1964 жылы туған. Білімі жоғары. Қарағанды кооперативтік институтын, «Әділет» жоғары құқық мектебін бітірген. Товаровед-ұйымдастырушы, заңгер.

Еңбек жолын Қазтұтынуодағының жүйесінде бастады, содан кейін сауда коньюнктурасы және халық шаруашылық тауарларына халықтың сұранысын зерделеу Бүкілодақтық ғылыми зерттеу институты Казақ филиалының ғылыми қызметкері, ҚР Мемстат комитетінің бірінші санатты экономисті, Сауда министрлігінің бас инспекторы, ҚР Сауда және өнеркәсіп министрлігінің бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Комитеттермен жұмыс істеу жөніндегі бөлімінің консультанты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Хатшылығының және Экономика, қаржы және бюджет комитеті Хатшылығының консультанты, Қаржы және бюджет комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің бас консультанты, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасымен, бес мерекелік медальдармен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен марапатталған.