Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Аймақтағы жұмыс

05.03.2019 0

Аймақтағы жұмыс

 

 

1.       18.06.2016- 19.06.2016 ж. аралығында  депутат Ә. Бектаев Алматы облысындағы «Байсерке Агро» Агрохолдингінде жер комиссиясының құрамында іс сапарда болды.

 

2.       02.06.2016-03.06.2016 ж. аралығында  депутат Ә. Бектаев Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ильясов ауылында  (физкультура-сауықтыру кешенінде) жер комиссиясының құрамында іс сапарда болды.

 

3.       Әлеуметтік-мәдение даму және ғылым Комитетінің мүшесі, депутат Ә.Ә.Бектаев  2016 жылдың  26-28 қазан аралығында «Қазақстанда іске асырылып жатқан жобалар» республикалық көрмесінің жұмысына қатысу үшін Шымкент қаласында іс сапарда болды.

Көрмені өткізудің мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың мәселесін шешуге азаматтық қоғамның назарын аудару, толыққанды өмір сүру үшін тең мүмкіндіктер жасау және шығармашылық деңгейін дамыту болып табылады.

 

4.     2016 ж. 7-8 желтоқсан аралығынд депутат Ә.Ә. Бектаев «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» атты арнайы іс-шараға қатысу үшін Шымкент қаласында іс сапарда болды.

 

5.     2017 жылдың  4-14-ші қаңтар аралығында  Бектаев Әли Әбдікәрімұлы депутаттардың өңірлеріге іс сапары аясында Оңтүстік-Қазақстан облысында болып, Төлеби, Қазығұрт, Сайрам, Ордабасы аудандарында және Түркістан қаласында аудан активтерімен және тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Аталмыш сапары аясында Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі Ж.Қ. Түймебаевпен де кездесу өтті. Аталмыш кездесуде облыс әкімі аймақтағы жұмыстардың  жай-күйімен таныстырды. Аймақ басшысы Елбасының тарапынан қойылған негізгі міндеттемелерді орындау жайындағы өз көзқарасымен  бөлісті.

 

6.     2017 жылдың 4-10 ақпан аралығында депутат Бектаев Әли Әбдікәрімұлы еліміздегі билікті қайта бөлісу конституциялық реформасын және ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында іс сапарда болды. Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сарыағаш аудандарында және Арыс, Кентау, Шымкент қалаларында кездесулер өткізді.

        Жергілікті жерлерде өткізілген кездесулерге әлеуметтік сала қызметкерлері, өнеркәсіп жетекшілері, жастар, ауылшаруашылығы ұйым адамдары, кәсіпкерлер қатысты.

7.     2017 жылдың 16-19 ақпан аралығында депутат Ә. Бектаев облыс әкімінің есеп беру жиынына қатысу мақсатында ОҚО, Шымкент қаласында іс сапарда болды.

 

8. 2017 жылдың 17-19 суір аралығында депутат Ә. Бектаев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелерімен бірге  Павлодар облысында жұмыс бабындағы сапарда болды.

Парламентшілер аймақтағы орта білім берудің жағдайымен, өзекті мәселелерімен және даму келешегімен танысты. Депутаттар еңбек ұжымдарымен, жалпы білім беру, шағын жабдықталған және арнаулы мектептер мен лицейлердің ұстаздарымен, ата-аналар комитеттерінің өкілдерімен және оқушыларымен кездесті.

 

9.       2017 жылдың 30-31 мамыр аралығында депутат Ә. Бектаев  «Арал Халықаралық Форумына» қатысу мақсатында Қызылорда қаласында іс сапарда болды.

Форумның мақсаты – Арал мәселесіне қоғам назарын аудару, аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілететін жобаларды нақтылап, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жолдарын талқылау.

 

10.   2017 жылдың  7-14 шілдесі аралығында депутаттардың өңірлерді аралау маусымдық жоспарына сәйкес Ә.Ә.Бектаев ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында Оңтүстік-Қазақстан облысында іс сапарда болды.

Іс сапар барысында Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Сарыағаш, Шардара, Мақтарал аудандарының және  Түркістан, Арыс, Кентау қалаларының активімен және тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы басым міндеттер де талқыланды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар өз елді мекендерінде орын алып отырған түйткілді мәселелерді ортаға салып, ой бөлісті.

 

11.                        2018 жылдың  30 наурызы мен 5 сәуір аралығында депутаттардың өңірлерді аралау маусымдық жоспарына сәйкес Ә.Ә.Бектаев ҚР Президентінің «Бес әлеуметтік бастамасы» мақаласын түсіндіру мақсатында Оңтүстік-Қазақстан облысында іс сапарда болды.

Іс сапар барысында Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Отырар, Шардара аудандарының және Шымкент, Түркістан қалаларының активімен, жоғарғы және орта білім беру ошақтарының студенттерімен және тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» мақаласындағы басым міндеттер де талқыланды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар өз елді мекендерінде орын алып отырған түйткілді мәселелерді ортаға салып, ой бөлісті.

 

 

12.                        2018 жылдың  6-12  тамыз аралығында депутаттардың өңірлерді аралау маусымдық жоспарына сәйкес Ә.Ә.Бектаев Түркістан облысында іс сапарда болды.

Іс сапар барысында Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Сайрам аудандарының Түркістан қаласының активімен және тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» мақаласындағы басым міндеттер де талқыланды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар өз елді мекендерінде орын алып отырған түйткілді мәселелерді ортаға салып, ой бөлісті.

 

 

13.                                   2018 жылдың  15-19 қазан аралығында депутаттардың өңірлерді аралау маусымдық жоспарына сәйкес Әли Әбдікәрімұлы Бектаев Түркістан облысында іс сапарда болды.

Іс сапар барысында Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Ордабасы және Қазығұрт аудандарының активімен және тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына жеке-жеке тоқталып, маңыздылығын түсіндірді.  Сонымен қатар жергілікті тұрғындар өз елді мекендерінде орын алып отырған түйткілді мәселелерді ортаға салып, ой бөлісті.

 

 

14.                                   2019 жылдың  1-5 наурыз аралығында депутаттардың өңірлерді аралау маусымдық жоспарына сәйкес Әли Әбдікәрімұлы Бектаев Түркістан облысында іс сапарда болды.

Іс сапар барысында Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Кентау қаласында, Созақ, Бәйдібек аудандарының активімен және тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVIII съезінде айтылған әлеуметтік бастамалары оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, табысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау саласын жақсарту, жергілікті аймақтарды кешенді дамыту мәселелеріне көңіл бөлінетіндігін және бұл бағытта атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылар шаруалар көптеп саналады деп айтып өтті.

Бөлісу