«2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»
2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттамаға 2019 жылғы 29 сәуірде Бішкекте қол қойылды. Хаттаманың мақсаты Ұйым шеңберінде әскери оқу-жаттығуларды өткізу үшін құқықтық негіз болып табылатын Келісімге Шанхай ынтымақтастық ұйымына енген кез-келген мемлекеттің қосылуын қамтамасыз ету болып табылады.2017 жылғы маусымда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммитінде Ұйымның өңірлік және халықаралық аренада рөлін айтарлықтай нығайтқан, Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан мен Пәкістанның қосылуы туралы тарихи шешім қабылданған болатын. Осыған байланысты Келісімге толықтыру енгізу қажеттілігі туындады. Хаттаманы ратификациялау Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері арасында әрі қарай өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қызмет ететініне және Ұйымның жаңа мүше мемлекеттерінің оқу-жаттығуларға келесі жылы толық құқылы қатысушылары болуына мүмкіндік береді.Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді қажет етпейді, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және экологиялық салдарға әкеп соқтырмайды.