«Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы»
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен астықтың резервтік қорын кепілді түрде құру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) 1974 жылы жасалған ұсынымдарына сәйкес елдің азық-түлік қауіпсіздігін анықтайтын негізгі критерий жылдық сұраныстың 17% құрайтын азық-түлік бидайының тұрақты түрде бар болуы болып табылады.
Астық - азық-түлікпен қамтамасыз етудің негізі болып табылатын маңызды стратегиялық тауарлардың бірі, оның өндірісі, айналымы және тұтынылуы экономикалық тұрақтылық негізгі факторы.
Бүгінгі таңда отандық азық-түлік астығының минималды азайтылмайтын қорының сақталуын «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ң қаражаты есебінен жүзеге асырады және бұл мәселе бұл заң шеңберінен тыс қалған.
Жаңа қауіптердің ушығуы кезінде (пандемия түрінде) азық-түлік қауіпсіздігі тіпті өзінің астыққа деген қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыратын елдер үшін де өзекті болып отыр.
Мұндай жағдайда нарықтық механизмдер емес, мемлекеттің халықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және оған деген бағаны тұрақтандыру жөніндегі жауапты іс-әрекеттер тиімді болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарға негізінде, заң жобасымен «Астық туралы» Заңның глоссарийін «астықтың резервтік қоры», «астық нарығы жөніндегі оператор» және «астықтың резервтік қорын басқару» сияқты жаңа ұғымдармен толықтыратын нормалар ұсынылады.
Мұнымен бірге астықтың резервтік қорын сақтау бойынша шығындарды өтеу, астық нарығын мемлекеттік басқару және уәкілетті органның тиісті құзыретін толықтыру ұсынылады. Бұдан басқа, астық нарығы жөніндегі оператордың құқықтық мәртебесі мен өкілеттілігі анықтау ұсынылады.