Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы»

02.12.2020 0

«Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 385 Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы мен АДБ арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) қол қойылды.

Қарыз республикалық бюджеттің кірісіне есепке жатқыза отырып,  республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. 

Қарыз қаражаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің COVID-19 пандемиясының салдарына қарсы күрес және экономиканы қалпына келтіру бойынша шараларын қолдауға мүмкіндік береді.

Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді және өтеуді Қарыз туралы келісімде белгіленген қаржы шарттарына сәйкес кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.

 

Бөлісу