Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы»

02.12.2020 0

«Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) қол қою туралы» 2020 жылғы 13 тамыздағы №386 Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) қол қойылды.

Қарыз бойынша пайыздар мен өзге де төлемдер әр жылдың 15 мамырында және 15 қарашасында жарты жылда бір рет төлеуге жатады.

Қарыз республикалық бюджеттің кірісіне есепке жатқыза отырып,  республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. 

Қарыз қаражаты COVID-19 пандемиясының салдарына қарсы күрес және экономиканы қалпына келтіру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шараларын қолдауға мүмкіндік береді.

Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді және өтеуді Қарыз туралы келісімде белгіленген қаржы шарттарына сәйкес тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.

Бөлісу