Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

19.01.2021 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасы туралы.

Заң жобасы еліміздегі адвокаттық қызметтің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге және заң көмегінің  сапасын  көтеруге  бағытталған.

Аталған заң жобасында адвокаттардың қызметін тиімді ұйымдастыруды және заң көмегінің сапасын арттыруды көздейтін бірқатар түзетулер бар:

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттарды тағайындау тәртібін автоматтандыру ұсынылады.

 Сонымен қатар, адвокаттар заң көмегін көрсету үшін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден ақпаратты алу туралы ережені бекіту көзделген.

Сондай-ақ, заң консультанттары палаталарының қызметін реттеу және бір ұйымға топтастыру мақсатында республикалық заң консультанттары алқасын құру ұсынылады.  

Бөлісу