Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»

25.05.2022 294

ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастырды. Аталған отырыста депутат Бауыржан Қаниев баяндама жасады.

Сенатор өз баяндамасында аталған Заң жобасының Қазақстан Республикасының Армения Республикасына мұнай өнімдерін жеткізу саласында сауда-экономикалық және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Бөлісу