Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенаторлар Орал тұрғындарымен алдағы референдумды талқылады

30.05.2022 0

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласының тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде Мемлекет басшысы көтерген бастаманың маңызы және бүкілхалықтық референдум арқылы еліміздің Конституциясына енгізуге ұсынылған түзетулер талқыланды.

Атап айтқанда, «Болашақ» ЖШС үй құрылысы комбинатының жұмысшыларымен кездесуде сенаторлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Жүргізіліп жатқан конституциялық реформа еліміздің саяси жүйесін сапалы трансформациялаудың маңызды қадамдарының бірі болады және Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің - Екінші республикаға көшудің басталуын білдіреді», - деп атап өтті Бауыржан Қаниев.

Кездесу соңында Бауыржан Қаниев «Болашақ» ЖШС үй құрылысы комбинатының еңбек ұжымымен қойылған сұрақтарға жауап беріп, жүздесуге қатысушыларды ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін бүкілхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Бөлісу