Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысында ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайымен танысты

01.08.2022 0

Сенат депутаты Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысының Темір ауданында болды.

Сенатор Шығырлы және Қалмыққырылған елді мекендеріндегі орталықтандырылған ауыз су құбыры құрылысның барысымен танысты. Бұл құрылыс жұмыстары 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр және елді мекендер көптен күткен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

«Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік санитарлық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет», - деді Бауыржан Қаниев.

Депутат сапар барысында әлеуметтік мекемелерге де барып, аудан тұрғындарымен кездесті.

Бөлісу