Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысы ардагерлер кеңесінің қызметімен танысты

02.08.2022 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовпен кездесіп, өңірдегі ардагерлер ұйымдарының жұмысымен танысты.

Кездесу барысында сенаторға 90 мыңнан астам ардагерді біріктіретін ұйымның жаңа бастамалары, сондай-ақ облыстағы ардагерлердің өмірі мен өтіп жатқан қайырымдылық шаралары туралы айтылды.

Бауыржан Қаниев сондай-ақ Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басшылығымен кездесіп, мамандарды даярлау мәселелерін талқылады. Жүздесу кезінде Мемлекет басшысының елдегі білім беру сапасын одан әрі жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен және техникалық мамандарды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Бөлісу