Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенатында Қазақстан-Литва парламентаралық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

06.12.2022 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Габриэлиус Ландсбергиспен кездесті.

Тараптар кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге ортақ көзқарастар мен халықаралық ұйымдар аясында өзара нәтижелі іс-қимыл бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді одан әрі демократияландыруға және азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасы туралы шетелдік дипломат хабардар етілді.

Габриэлиус Ландсбергис Қазақстанда жүргізіліп жатқан стратегиялық реформаларды жоғары бағалады және Литваның жан-жақты ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға әзір екенін жеткізді.

Бөлісу