Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Атырау облысының өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады

20.05.2023 275

Депутаттар Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысын Атырау облысында өткізді. Кездесудің тақырыбы өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылау болды.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір аралығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,7 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға өскен. Өңдеу өнеркәсібі бұл ретте 14,6%-ға өсіп, 231,8 млрд теңгені құрады.

Жиын барысында Инвестициялар комитетінің өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша баяндама жасады.

Депутаттар көшпелі сессия аясында облыстағы газ-химия кешенін, аралас циклді газ турбиналық электр станциясын, полимер және кабель өнімдерін шығаратын зауыттарды, мал шаруашылығы кешенін және басқа да бірқатар өндірістік нысандарды аралады.

Бөлісу