Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Маңғыстау облысындағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

28.09.2023 0

Депутаттар Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысын Маңғыстау облысында өткізді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері кездесудің басты тақырыбы болды.

Комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев отырысты аша келіп, «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында мемлекет кәсіпкерлерге экономикаға инвестиция салуға, салықтарды адал төлеуге, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін бизнесті дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауды көздеп отырғанын атап өтті.

Ол сондай-ақ комитет ағымдағы жылдың қараша айында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тақырыбында үкіметтік сағат өткізуді жоспарлағанын жеткізді.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілі өз кезегінде парламентшілерге өңірдегі ахуал туралы айтып берді. Мәселен, Маңғыстау облысы 7 айдың қорытындысы бойынша субсидиялау бойынша қолдау алған жобалар бойынша 1 орынды (560 жоба) және кредиттеу сомасы бойынша 5 орынды (23 млрд теңге) иеленгені туралы хабардар етілді.

Отырыс барысында «Даму» қорының, Аграрлық несие корпорациясының, «Каспий» ӘКК өкілдері де шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы сөз сөйледі.

Депутаттар сонымен қатар «Ақтау теңіз порты» АЭА, Ақтау теңіз солтүстік терминалы, «Саржа» көлік-логистикалық орталығы, Құрық порты және өңірдің басқа да бірқатар нысандарын аралады.

Бөлісу