Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Бауыржан Қаниев: Бізде атом электр станциясын салуға барлық объективті алғышарттары бар

26.09.2024 263

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бауыржан Қаниев Шалқар ауданының тұрғындарымен кездесіп, елімізде атом электр станциясын салу жөніндегі алдағы референдум тақырыбын талқылады. Сенатор кездесуде бұл жобаның Қазақстанға аса маңызды екенін атап өтті.

«Бізде атом электр станциясын салуға барлық объективті алғышарттар бар. Ол, біріншіден, Қазақстанды осы маңызды шикізатты өндіру бойынша көшбасшылардың біріне айналдыратын уранның бай қоры. Екіншіден, бізде уранды қайта өңдеуге арналған дамыған инфрақұрылым бар, бұл ресурстарды тиімді пайдалануға және атом электр станциясын салу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бізде жобаны қажетті технологиялар мен инновациямен қамтамасыз ете алатын қуатты ғылыми база бар. Осы факторлардың барлығы елімізге осы ауқымды және маңызды жобаны іске асыруға сенімді іргетас жасайды», - деп атап өтті Қаниев.

Сенатор атом электр станциясының құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жер қойнауынан алынатын энергия көздеріне тәуелділікті азайтуға бағытталған маңызды қадам болуы мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар жаңа электр станциясы жұмыс орындарын ашып, инвестиция тартылатыны айтылды.

Шалқар ауданының тұрғындары талқыланған тақырыпты қызу талқылады. Олар депутаттарға АЭС-ті пайдалану қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және жобаның әлеуметтік әсері туралы көптеген сұрақтар қойды.

Бөлісу