Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы»

17.12.2024 270

Бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңы қаралды. 

Келісімнің мақсаты Келісім тараптарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту, тауар номенклатурасының кең бөлігіне қатысты бажсыз сауда режимін қамтамасыз ету болып табылады.

ЕАЭО және Иран Ислам Республикасы келісіміне сәйкес тауар номенклатурасының кең бөлігіне қатысты баждың күшін жою туралы міндеттемелер қабылдайды.

 

Бөлісу